Шымкентте әлеуметтік нысандар қатары жыл сайын артып келеді

0
130

Ағымдағы жылы 7 нысанның құрылысы жоспарланған. Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды.


Шымкентте әлеуметтік нысандар қатары жыл сайын артып келеді

Шымкентте түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында ондаған көпқабатты үй тұрғызылып, халық саны да артып келе жатқандықтан үшінші мегаполисте әлеуметтік нысандарға сұраныс жоғары.


Абаттандыру нысандары

Шымсити шағынауданындағы 1 абаттандыру нысанының (20,4 га) құрылысы аяқталды. Ал, құрылысы 2023 жылы басталған 1 нысан (3,2 га) саябақ құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Тұран ш/а Этносабақ құрылысының жобалау-сметалық құжаты әзірленуде.

Әлеуметтік қамтамасыз ету нысандары
3 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жоспарланған. Ол «№1 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» қосымша 50 орындық ғимарат құрылысы және күрделі жөндеуден өтетін «№ 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ғимараты, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығы. Нысандардың құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан басқа, «Мейірім» оңалту орталығы МКҚК-ның 100 орындық ғимаратын салу жобаларының құжаттары әзірленуде.

Ауылшаруашылығы нысандары
Ақтас шағынауданында 1 ауыл шаруашылығы нысандары және осы нысанды жеткізуші инфрақұрылыммен қамтудың 1 нысанының (ИКИ) құрылысы аяқталды.

Төтенше жағдайлар нысандары
Ағымдағы жылы 7 нысанның құрылысы жоспарланған. Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал, қалған 6 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, 2 жоба Қайнарбұлақ жедел құтқару кешені мен Таскен, шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығының құжаты дайын. 5 жоба (Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити, Ақжар шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығы) құжаты әзірленуде.

Қорғаныс саласының нысандары
1 қорғаныс (сарбаздар 8 ғимаратын реконструкциялау) нысанның құрылысы жүрігізілуде. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, 1 жобаға ЖСҚ әзірленуде (Шаян ауылында басқару пункті).

Мемлекеттік органдар нысандары
Ағымдағы жылы 4 мемлекеттік орган нысандарының құрылысы жоспарланған. (Абай 2/9 әкімшілік ғимаратқа қосымша ғимарат салу, Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу, Диваев 4 ПД әкімшілік ғимаратын реконструкциялау, Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу).
Оның ішінде, 1 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды (Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу). Ал 2 нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса, қалған 1 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі (Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу). Сонымен қатар, 2 жобаның ЖСҚ-сы дайын (Қазбек би 36 әкімшілік ғимараты және прокуратура ғимараты).

Денсаулық сақтау нысандары
1 денсаулық сақтау нысанының (Қан орталығы МКК қосымша ғимарат құрылысы) ЖСҚ-сы дайын және 2 жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде (Ақжайық шағын ауданында 200 төсек орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы және Алдярова көшесіндегі перзентханаға қосымша корпус салу) әзірленуде.
Бөлісу