Сәби мен анасының денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ дейді дәрігерлер.
Шымкентте салмағы алты келіден асатын, бойы 63 сантиметр алып сәби дүниеге келді.
Дәрігерлер кесір тілігін жасамай, анасын табиғи жолмен босандырып алды. Сәби мен анасының денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ дейді дәрігерлер.
Жандарбекова Альмираның бұл алтыншы жүктілігі. Туыстары нәрестеге Тауекел деген есім берген.
"Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы", - дейді аурухана дәрігерлері.