Шымкентте АМАЛ МЕРЕКЕСІ өтті

0
668

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында тойланатын Көрісу күні – Амал мерекесінің қазақ халқы үшін орны ерек.


Шымкентте АМАЛ МЕРЕКЕСІ өтті

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында 14 наурыз Көрісу күні – Амал мерекесіне арналған «Көрісу – жаңа өмір, жаңа күн» атты іс-шара мегаполистің көрікті негізгі үш локациясында өтті.

Нақтырақ айтсақ, көрісу іс-шарасы «Арбат» демалыс аймағы, «Абай» саябағы және «Астана» алаңында бастау алып, Орыс драма театрының ғимараты алдына дейін сән-салтанатымен жетті. Театр алдында ұлттық ойындар көрсетіліп, қойылым театр залында мерекелік концертке ұласты.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында тойланатын Көрісу күні – Амал мерекесінің қазақ халқы үшін орны ерек. Халқымыз қытымыр қыстың кері шегініп, жер аяғы кеңіген сәтте жылдан жылға есен-сау жеткеніне шүкір айтып, алыстағы ағайынын іздеп, қауышатын болған.
Мәдениет саласының мамандары бүгін сол ата дәстүрді жаңғыртып, шаһардың орталық алаңында құшақ жайып, қауышты. Наурыз тойын жақындата түскен Көрісу мерекесімен құттықтап, ақ жаулықты аналарымыз тілегін жаудырса, ел ағалары батасын берді. Өнерпаздар қазақтың ән-күйінен шашу шашып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.