Шымкентте ауруханада тұзды шахта ашылды

0
2 630

Коронавируспен ауырған науқас үшін ем алу тегін.


Шымкентте ауруханада тұзды шахта ашылды

Шымкент қаласында Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында тұзды шахта бөлмесі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнда коронавирус және пневмонияға шалдыққан науқастар оңалту емінен өте алады.

Аурухана базасында ковидтен кейінгі қалпына келтіру бөлімшесі ашылған болатын. Бөлімшеде ем қабылдайтын науқастар енді тұзды үңгірде денсаулығын сауықтыра алады.
Оңалту орталығында 7-10 күн аралығында денсаулығын нығайтып алуға болады. Коронавируспен ауырған науқас үшін ем алу тегін. Барлық шығын мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен өтеледі
Тұзды үңгірдің баламасы саналатын осы бөлмеде науқастар 4-5-тен топтанып кіріп, 20 минуттай отырады. Осылайша әр пациент 10 сеанс қабылдайды.
Дәрігерлердің айтуынша, тұзды шахта науқас денсаулығын дәрі-дәрмексіз нығайу үшін жақсы әдіс.
“ Тұзды бөлменің ылғалдылығы, барометрлік қысымы бірқалыпты деңгейде болады. Тыныс алу арқылы тұздың микро бөлшектері қанға түсіп, қандағы гистаминнің деңгейін бірқалыпты, ақуыз-көмірсу алмасуының деңгейін бірқалыпты етеді. Тыныс жүйесіне, бронх ағаштары арқылы микротұздар ену нәтижесінде тыныс алуды жақсартады. Тұзды шахта созылмалы шаршағыштық синдромы, фобия, аллергиялық аурулар, поллиноздар, жедел респираторлық инфекцияның алдан алу, тұмау, тері аурулары-экзема нейродермит, тыныс жолдарының жедел және созылмалы ауруларында, жедел және созылмалы риниттерде, ларингитте, фарингитте, трахеитте, синуситте, аденоидтарда. Бронх өкпелік шаң тозаңдық ауруларда, вегето тамырлық дистонияда, невроздарда, қан қысымы жоғарылауының I-II дәрежесінде, гипотонияда ем шарасы ретінде қолданылады” - дейді аурухана бас дәрігері М.Ермаханбетова.