Шымкентте ауыз сумен қамту 95,6 пайызға жетті

0
2 700

34 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылған.


Шымкентте ауыз сумен қамту 95,6 пайызға жетті

Қала аумағында ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,6 пайызға жетті, деп хабарлайды

ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
Қаладағы инфоқұрылымды дамыту – басты міндеттердің бірі. Бұл ретте, өткен жылы 17 тұрғын алабы және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам сапалы сумен қамтылды. Нәтижесінде көрсеткіш 95 пайыздан асты.
Қазіргі уақытта қаладағы 81 тұрғын алабының 69-ы орталық ауыз су жүйесіне қосылған. 5 тұрғын алабы кестемен болса, 7 тұрғын алабы суды тасып ішіп отыр. Осы мәселені шешу барысында биылғы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды және 7 тұрғын алаптың ауыз су құбыры жүргізіледі. Нәтижесінде «осының есебінен тағы 25 мыңнан астам адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі, - деді қала әкімі.