Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында.
ERNUR.KZ. Шымкент қалалық перинаталды орталықта жаңа туған сәбиге күрделі ота жасалды, деп жазады kaz.zakon.kz.
Қалалық перзентханадан орталықтың реанимация және қарқынды терапия бөліміне, 3 600 гр салмақпен туылған ер бала жеткізілді.
Кеңірдек ақауымен туылған нәрестеге "өңештің туа біткен атрезиясы яғни кеңірдек — өңештік жыланкөз" диагнозы қойылған.
Жедел әрекет еткен орталықтың тәжірибелі дәрігерлер тобы сәбиге "Кеуде ішілік эзофаго-эзофагостомия" операциясын жасап шықты.
Баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында.