Шымкентте бір тәулікте 4 науқас пневмониядан көз жұмды

0
758

Стационарға жатқызылған пациенттердің арасында өлім жағдай көрсеткіші 3% құрады.


Шымкентте бір тәулікте 4 науқас пневмониядан көз жұмды

Шымкентте соңғы бір тәуліктің ішінде ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген 4 науқас қайтыс болып, стационарға жатқызылған пациенттердің арасында өлім жағдай көрсеткіші 3% құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"«Темір жол» ауруханасы базасында ашылған 120 төсек орынға арналған провизрлік госпитальде жедел жәрдем қызметімен жеткізілген науқастарға шұғыл медициналық қызмет көрсетіледі. Эпидемиялогиялық қолайсыз жағдайға байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілетін науқастардың саны артқан. Соңғы бір тәуліктің ішінде ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген 4 науқас қайтыс болып, стационарға жатқызылған пациенттердің арасында өлім жағдай көрсеткіші 3% құрады. Қаза тапқан науқастардың төртеуінде де қосалқы аурулары (қант диабеті, артериялық гипертензия, өкпенің ишемиялық аурулары) болған. Науқастардың өлім жағдайы бойынша зерделеу жөніндегі комиссия анықтау жұмыстарын жүргізеді.", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сала мамандары қолайсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертуде.

Егер тұмау мен суық тию белгілері байқалса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Қосымша сұрақтарыңыз болса,

39-33-47 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 1296-ға жетсе, 13 науқас көз жұмған.