Шымкентте екі жастағы сәби пойыздың астына түсіп кетіп, көз жұмды

0
1 211

Бүлдіршіннің ауладан шығып кеткенін үйіндегі адамдар байқамай қалған.


Шымкентте екі жастағы сәби пойыздың астына түсіп кетіп, көз жұмды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 2017 жылы туған сәби жүк тасымалдаушы пойыздің астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2019 жылдың 3-қыркүйегінде А.Оразбаева көшесінің бойымен қиып өтетін темір жолда 2017 жылы туған бүлдіршін жүк тасымалдаушы пойыздың астына түсіп кеткен және мерт болған бүлдіршін жақын маңда тұратындығы анықталған. Нақтырақ айтсақ, өз үйінің қақпасынан шығып кеткен бала теміржол қоршауынан өтіп, осындай қайғылы жағдайға тап болған.

Сондай-ақ, Шымкент стансасы желілік полиция бөлімінің тергеушісі Ердәулет Садықов аталған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.

«2 жастағы бала Қызылсай-Шымкент стансалары аралығындағы 8-пикет тұсында пойыз астына түсіп кеткен. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 344 бабының 2 бөлігімен тексеру жүріп жатыр», – дейді Ердәулет Садықов өз мәлімдемесінде.