Шымкентте экоакция Қошқар Ата өзені мен каналдарда жалғасын тапты

0
338


Шымкентте экоакция Қошқар Ата өзені мен каналдарда жалғасын тапты

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарына Тұран ауданының тұрғындары мен жасыл ел еңбекші жастары қатысты.

Қаланың орталығын кесіп өтетін Қошқар ата өзені қала тұрғындарының бір сәт демалуына таптырмас орын. Алайда кейбір жеке сектор аймақтарында өзен бойында тазалық жұмыстары сын көтермей отырғанын қынжыла жеткізген тұрғындар бүгінгі іс-шараға қатысушыларға алғыстарын білдірді.
100-ден астам аудан тұрғындары мен жасыл елдіктер өзен аумағындағы түрлі қоқыстарды, бей-берекет шөп-шаламдарды және өзеннің суымен жиналған түрлі қоқыстарды тазалап, өзен маңайындағы су көздерін тазалады.
Тазалық жұмыстарына 10-нан астам техника жұмылдырылып, өзен бойындағы шөптер шабылды.
Іс-шараға қатысқандар қаламыздың тазалығы басты назарда екенін, оған әрбір қала тұрғындары белсене атсалысуы қажет екенін жеткізді.
Сонымен қатар, таңертеңнен басталған «Таза Қазақстан» акциясы Еңбекші ауданындағы «Шымкент» каналында жалғасын тапты.
Жалпы қаладағы каналдардың арасында «Шымкент» каналы ең көп тұрғындар шоғырланған канал.
Аталған акцияға тұрғындармен қатар «Жасыл ел» еңбек жасақтары да қатысты. Жергілікті тұрғындардың ауызбіршілігі мен тазалыққа жанының құмарлығынан бұл ауданда мұндай тазалық жұмыстары жиі ұйымдастырылып тұрады екен.
Бүгін де тұрғындар өз аулаларында тазалық жұмыстарына бір кісідей жұмыла кірісті. Ауладағы шөптер шабылып, канал бойы тазартылды.

Орындықтар сырланып, балалардың ойын алаңшалары тазаланды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Жайшыбеков бүгінгі тазалық жұмыстарына қатысқан барлық азаматтарға алғыстарын білдіріп, ауланың таза болуы өзімізге байланысты. Біз әрқайсымыз тазалық мәдениетін алдымен өзімізден бастауымыз керек, сонда біздің жастарымыз да тазалықты сақтайтын болады дейді.

Бөлісу