ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛДАУ АРТЫП КЕЛЕДІ

0
331

Жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 901 азамат мұқтаж болса, жыл басынан бері 2 863 адамға қызмет көрсетілген. Мүгедектігі бар азаматтардың шипажайда сауықтыру емі үшін 8 471 адам жолдамаға қол жеткізді.


ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛДАУ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қазір мемлекет тарапынан мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген шаралар қолға алынған. Әсіресе, олардың күнделікті өмірде қолайлы жағдайды сезінуі үшін қажетті құрылғылар мен жабдықтар маңызды рөл атқарады.

Осы ретте Шымкент қаласында қазір 41 544 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 4 614 адам – бірінші топ, 15 455 адам – екінші топ, 13 505 адам – үшінші топ және 18 жасқа дейінгі 7 970 бала бар.
Шаһарда ерекше жандарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдардың қажетті құрылғысы үшін 45 681 өтінім түсіп, оның 37 970-і (82,5%) қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда, протездік-ортопедиялық көмек құралы үшін 8 203 өтінім қабылданып, 6 147 құрал үлестірілді. Сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарға 20 779 өтінім түсіп, 19 012 ерекше жанның қажеттілігі өтелді. Ал, тірек-қимыл функциясында бұзылысы бар азаматтарға арналған қоларба құралына 1 347 өтінім қабылданып, 1 197 адамға арнайы арба берілді.
Сонымен қатар, жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметіне 2 901 азамат мұқтаж болса, жыл басынан бері 2 863 адамға қызмет көрсетілген. Мүгедектігі бар азаматтардың шипажайда сауықтыру емі үшін 8 471 адам жолдамаға қол жеткізді.
Мүгедектігі бар адамдар мұндай қажетті құралдарды ЭЦК-мен әлеуметтік тортал арқылы тапсырыс беріп ала алады. Бұл қызметті үйде қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда Бәйтереков 89 мекенжайында басқарма ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған және қызметкерлер порталды қолдануға әр адамға жеке-жеке көмек көрсетеді.
Бөлісу