Шымкентте флора-фауна лабораториясы жұмыс істеуде

0
1 062

Лаборатория үш пирамидадан тұрады. Олар: қоңыржай, субтропикалық, тропикалық.


Шымкентте флора-фауна лабораториясы жұмыс істеуде

Шымкентте флора-фауна лабораториясы жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы №89 мектеп-лицейінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы флора-фауна лабораториясы ашылған болатын. Басты мақсат - тропикалық өсімдіктер, жануарлар, құстарды және балықтарды Қазақстан жерінде де өсіре алатынын дәлелдеу.

Лаборатория үш пирамидадан тұрады. Олар: қоңыржай, субтропикалық, тропикалық. Яғни түрлі тропикалық жемістер өседі.

Оларды оқушылар өздері баптап, өсіреді. Сол арқылы теория мен практиканы ұштастыра отырып, түрлі ғылыми жобалармен айналысуға мүмкіндіктері бар.