Шымкентте газдан уланудың алдын алу шаралары күшейтілді: 21 мыңнан астам үй тексерілген

0
114

Қалада газ техникалық инспекция бөлімі газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзған 89 тұлғаны жауапкершілікке тартылған.


Шымкентте газдан уланудың алдын алу шаралары күшейтілді: 21 мыңнан астам үй тексерілген

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының Газ техникалық инспекция бөлімі мен «Шымкент қаласының Газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары, aзаматтық қорғаныс полковнигі Еркін Отарғалымұлы мен Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Абдинуров Малик Құттымбетұлы БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

Бұл шаралар қала тұрғындарын газбен улану қаупінен қорғауға және газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігін түсіндіруге бағытталған.

Спикерлердің сөзінше, 2024 жылдың басынан бері басқарма тарапынан 44 көшпелі жиын және 39 кездесу, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 58 мақала, пост және брифинг жарияланып, 67 800 дана жадынама таратылған.
Сонымен қатар, газдан улану оқиғаларына сүйене отырып, қала бойынша қызыл және тәуекел аймақтар анықталып, алгоритм бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде.
Сондай ақ, қалада газ техникалық инспекция бөлімі газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзған 89 тұлғаны жауапкершілікке тартылған. Жалпы айыппұл сомасы 332 АЕК (1 225 744 теңге). Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19-бабы бойынша, газ жабдықтарының иелері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда әкімшілік шаралар көзделген.
Шымкент қаласының Газ техникалық инспекциясы тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді
Бөлісу