Шымкентте инвесторлардың қатысуымен 200-ге жуық жоба жүзеге асырылып жатыр

0
550

Қалада жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылуда.


Шымкентте инвесторлардың қатысуымен 200-ге жуық жоба жүзеге асырылып жатыр

Шымкентте индустриялық аймақтарда инвесторлардың қатысуымен 189 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақтары мен көлік-логистикалық аймағы және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді.
Бүгінде бұл аймақтарда Түркия, Қытай, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Еуропа, Таяу және Қиыр Шығыс елдерінен келген шетелдік және қазақстандық инвесторлардың қатысуымен 11 мың жұмыс орнымен 300 млрд.теңгеге 189 жоба іске асырылуда. Оның ішінде бүгінгі таңда 160 млрд. теңгеге 124 жоба іске асырылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.
Бұдан бөлек, қалада жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылуда. Мұнда машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және т. б. салаларда 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 200 млрд. теңгеден астам сомаға 50-ден астам ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде.