Сондай-ақ, 2 мыңдай мекемеге ескерту берілген.
Шымкентте карантин талабына бағынбаған 50 нысанға хаттама толтырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мобильді топ күнделікті кәсіпкерлік нысандарға рейд жүргізуде. Топ - әкімдіктің, жергілікті полиция және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдерінен құрылған.
Түсіндірме жұмыстары мен бақылау нәтижесінде карантин режимін бұзушылар саны күн санап төмендеуде.
Қаладағы кәсіпкерлік нысандардың 99 пайызы карантин режимінде көрсетілген шекті уақыттарда өз жұмыстарын аяқтауда.
Соңғы үш күнде қала бойынша карантин талабына бағынбай кешкі мезгілде жұмыс істеп жатқан 50-ге жуық мекемеге хаттама толтырылған.
Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен 2 мыңдай мекемеге ескерту берілген (ара қашықтық сақтау, антисептик пайдалану).