Бірқатар нысандардың жұмысына шектеу қойылды.
Шымкенте карантин мерзімі 20 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін Шымкент қалалық Бас санитариялық дәрігері Ә.Төлебаев қаулыға қол қойды.
Мегаполистегі карантин мерзімі созылып, бірқатар шектеу шаралары жасалды.
"1. Мектепке дейінгі ұйымдардың (балабақшалар, коррекциялық-түзету орталықтары);
2. Фитнес-орталықтар, барлық жабық спорттық алаңдар, тренажер залдары, спорттық бассейндер мен кешендер, үйірмелер, секциялардың;
3. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының (даму, білім беру орталықтары, үйірмелер және т.б.)
4. Әсемдік салондар, шаштараздар, маникюр бөлмелерінің;
5. Компьютер клубтар, бильярд, букмекерлік нысандардың;
6. Монша кешендері, қоғамдық моншалар, SPA-салондар, массаж бөлмелері, сауналардың;
7. Үйге жеткізу режимінде жұмыс істейтін нысандарды қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдары, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің;
8. Бөлек орналасқан өзіне қызмет көрсету автожуу орындарын қоспағанда, авто жуу нысандары;
9. Кинотеатрлардың, түңгі клубтардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің;
10. Көше форматында столдары ашық алаңда орналасқан қоғамдық тамақтандыру орындары, немесе үйге жеткізу режимінде жұмыс жасайтын нысандарды қоспағанда барлық қоғамдық тамақтану орындарының ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛСЫН", делінген Қаулыда.