Шымкентте қарасорадан қағаз өндіріледі

0
1 829

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен қаптама индустриясын дамыту форумында» мәлім болды..


Шымкентте қарасорадан қағаз өндіріледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда техникалық қарасора шикізатынан қағаз жасау тәжірибесі қолға алынды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов елордада өткен «Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен қаптама индустриясын дамыту форумында» айтты.

Комитет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде қағаз өнімдерін жасауға шикізат тапшы. Осыған байланысты, министрлік арнайы өсірілген қарасора шикізатын пайдалануды қолға алды.

«Бұл жұмысты 2016 жылдан бері жүргізіп келеміз. 2017 жылы өнеркәсіптік тәжірибемізде қарасора өсірдік және одан Жапонияда өте сапалы целлюлоза жасалды. Енді зауыт құруға қажетті қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді есептеп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, доллар валютасы техникалық қарасорадан жасалады. Егер ағаш 20-25 жылда өссе, қарасора 100 күнде өсіп шығады. Алматы мен Шымкентте қарасора өсіріп көрдік және қазір де айналысып жатырмыз. Бұл - шикізатпен қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндет», - деді Қанат Байытов.