Өрттің шығу себебі анықталуда.
Шымкент қаласында қараусыз қалған ғимараттан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 23 маусым күні сағат 21:29-да Тұран ауданы, Желтоқсан көшесі бойында болған.
“Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімдері жалпы көлемі 600 шаршы метр құрайтын 2-қабатты қараусыз қалған ғимараттың көлемі 200 шаршы метр 2-ші қабаты мен шатыры жанғандығын анықтады. Өрт сағат 21:45-те оқшауланып, сағат 22:10-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің 26 қызметкері мен 7 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.