Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

0
713

Жиында бірқатар мәселелер қаралды.


Шымкентте қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бауыржан Әлтеев төрағалық еткен жиында бірқатар мәселелер қаралды.
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Данаев «Көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу» бойынша баяндама жасады.
Р.Данаев көлеңкелі экономикаға қарсы күрес және экономикалық қылмыстарды анықтау және тергеу бағытында 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Жыл басынан бері тергеу өндірісінде 138 қылмыстық іс қозғалса, 91 іс сотқа жолданды. Анықталған 875 млн теңге залалдың 460 млн теңгесі өндірілген. Сонымен қатар, шаһарда жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Оның нәтижесінде қорытынды шешімдер қабылданады.
Жиында Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхтар Қоқанбаев қала тұрғындарын сапалы қоғамдық көлік қызметімен қамту, қаладағы жол құрылысы мәселелерін талқылау, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасының орындалуы мен нәтижесі туралы айтып берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық көліктегі мәдениетті көтеру бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ, кезекті отырыста Шымкент қаласы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстары туралы қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев баяндады.