Шымкентте коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 200-ден асты

0
705

Дертінен сауыққандардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар.


Шымкентте коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 200-ден асты

Шымкентте соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 20 науқас жазылып, ауруханада шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың ішінде екі айлық сәби бар. Дәрігерлер шақалақтан коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған. Нәтижесінде екі айлық қыз баласын емдеу кезінде асқынулар болмады дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ медицина мамандары сәбидің анасы мен әкесінен де коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізді. Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 207 науқас дертінен айығып шықты.

Ал, соңғы мәлім бойынша, Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 508-ге жеткен.