Шымкентте медициналық бетперде неліктен тапшы екені анықталды

0
1 943

​Шикізаттың жоқтығына байланысты медициналық бетперделер жетіспей жатыр.


Шымкентте медициналық бетперде неліктен тапшы екені анықталды

Бүгінде Шымкент қаласындағы дәріханаларда медициналық бетперделер тапшы екенін жергілікті тұрғындар жиі айтуда. Тіпті бағасы да еселеніп, бұрыңғы құнынан әлдеқайда қымбатқа сатылып жатқанын әлеуметтік желі беттерінде де жиі жазып жүр. Ал әлемге тараған қауіпті коронавирустан үрейленген тұрғындар медициналық бетперденің бағасына қарамастан сатып алып жатыр.


Аталған мәселенің себебін анықтау үшін Шымкент қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне ERNUR.KZ тілшісі сауал жолдаған болатын.


"Бұл қажеттілік қазіргі уақытта Шымкент қаласында орналасқан отандық өндірушіде бір реттік медициналық маскаларды өндіруге арналған кейбір жинақтаушы бөліктердің (шикізаттың) болмауына байланысты туындады. Бүгінгі таңда, өндіруші тарапынан қала тұрғындарын бетперделермен қамтамасыз ету мақсатында медициналық бетперделерді өндіру үшін шикізатты қосымша іздеу және жеткізу бойынша жұмыс жүргізуде", - делінген аталған департаменттің баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.

Жинақтаушы шикізаттың жоқтығына байланысты медициналық бетперделердің тапшы екендігі анықталды.


Медициналық бетперделердің бағасы неліктен қымбаттады?

Коронавирус әлемге таралмас бұрын еліміздегі бір реттік медициналық бетперделердің құны 50 теңгеден аспайтын. Қазіргі уақытта мегаполистегі кез келген дәріханадан сұрасаңыз, олардың бағасы 150 теңгеге жеткен. Ал оның бағасын реттеу аталған департаменттің құзырына кірмейді. Тек дәрі-ірмектің шектік бағасына қатысты ғана бақылау жүргізілетінін мәлімдеді.

"Департамент тарапына қалалық дәріханаларын медициналық бетперделермен қамтамасыз ету және бағаларын реттеу құзырына кірмейді, себебі дәріханалар жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Яғни, өз жұмысында азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарды ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес жүргізеді. Мемлекет тарапынан медициналық бұйымдардың бағасын реттелмейді, тек дәрілік заттардың көтерме және бөлшек сауда бағасы ғана реттеледі. Осыған байланысты Департамент тарапынан дәрілік заттардың белгіленген шекті бағалары асып кеткен жағдайда ғана бақылау жүргізіледі және әкімшілік шаралар қабылданады", - деп жауап берді бұл сауалға Шымкент қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.