Шымкентте мектептерге тарихи тұлғалардың есімі беріледі

0
622

Депутаттар корпусы осындай ұсынысты ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.


Шымкентте мектептерге тарихи тұлғалардың есімі беріледі

Шымкент қаласындағы бірқатар мектептерге Тәуке ханның, Абай Құнанбайұлының, Фариза Оңғарсынованың, Ақселеу Сейдімбектің және Әшімжан Ахметовтің есімдері беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясында депутаттар корпусы осындай ұсынысты ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.
Мұнан бөлек сессияда депутаттар «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау» туралы және «Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің құрамын бекіту туралы» мәслихат шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.