Наурыздың бірегей логотипі бекітілді.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында Наурыз мейрамына орай әр күнге арнайы сипат беріліп, аталып өтеді.
Бұл туралы Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігінің жоспары туралы баяндады.
Президент Әкімшілігінен елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыру аясында Наурызды бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі ретінде қарастыратын жаңа тұжырымдама келіп түскен болатын. Тұжырымдамаға сәйкес, мейрамды мазмұндық тұрғыдан толықтай жаңғырту және оның халықты біріктіруші рөлін арттыру үшін Наурыздың бірегей логотипі бекітілді.
Бұл логотип қазіргі кезде қаламыздың барлық мемлекеттік органдарына жолданып, қаланы безендіру және іс-шаралар барысында біріңғай қолданылуда.Сонымен қатар, төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін жариялап, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау ұсынылған. Яғни, дәстүрлі түрде халықтық мерекелер мен фольклорлық қойылымдар, киіз үй орнату, халықтық әдет-ғұрыптарды, ұлттық киімдерді, ұлттық тағамдарды насихаттау форматында өтпек.
Брифинг барысында ағымдағы жылы наурыз мерекесі 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін жариялап, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау ұсынылды. – деді Б.Орынтаев.
15 наурыз – Қайырымдылық күні
Қарттар үйі, балалар үйі мен көпбалалы отбасыларға арнайы мерекемен құттықтау іс-шарасы өткізіледі және ауызашар беріледі.
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар насихатталып көрсетілетін музыкалық-театрландырылған қойылым болады.
Өтетін орны: «Наурыз» алаңы
17 наурыз – Шаңырақ күні
Перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйлары табысталады.
18 наурыз – Ұлттық киім кию күні
«Ең үздік балалар мен жасөспірімдердің киім үлгісі», «Ең үздік күнделікті киім үлгісі», «Ең үздік жұмыс киім үлгісі» атты ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы өтеді.
Өтетін орны: «Көрме» орталығы
19 наурыз – Жаңару күні
Қаланың саябақтарында көктемгі ағаш егу дәстүрі қолға алынады.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Иппадромда ұлттық спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады.
1 наурыз – Ынтымақ күні
Зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтайды.
22 наурыз – Жыл басы
«Армысың, әз-Наурыз!» атты сахна өнеріндегі этникалық және заманауи үрдістерді үйлестіретін музыкалық театрландырылған қойылым болады.
Өтетін орны: «Астана» алаңы
23 наурыз – Тазару күні
Қаланың көрікті жерлері мен саябақтарын мерекеден кейінгі қалдық заттардан тазалау үшін жалпыұлттық сенбілік өтеді.