Шымкентте «Stop bullying» тақырыбында семинар-тренинг өтті

0
1 085

Кездесу барысында жастарға «кибербуллинг» пен «буллинг» жайлы толыққанды мағлұматтар айтылды.


Шымкентте «Stop bullying» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Stop bullying» тақырыбында «Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру» орталығы жастарының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты - жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және дұрыс психологиялық ахуал қалыптастыру.
Кездесу барысында жастарға «кибербуллинг» пен «буллинг» жайлы толыққанды мағлұматтар айттылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, арт-терпиялық ойындар ойнатылды.

Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жастарды отбасылы өміргі дайындау” тақырыбында "М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастары арасында семинар-тренинг өтті.

Аталған шара жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, саналы көзқарас қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Жібек Сайдахан жастарға отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен сөз етіп, тақырып аясында түрлі ойындар ойнатты.
Семинар-тренинг соңында, жастармен кері байланыс орнатылды.

Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған “Мобильді топ” “Қырғы” базарында мемлекеттік бағдарламалар мен «Неке шеберлікті талап ететін іс» тақырыбында кітапшалар тарқатып, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік бағдарламалар: “Жастар практикасы”, “Алғашқы бос жұмыс орны жөнінде түсіндірілді.
Сонымен қатар, “Неке шеберлікті талап ететін іс”, “Жақсы ата-аналар құпиясы, бақытты бала өсірейік” тақырыбында кітапшалар тарқатылып, түсіндірме жұмыстары ары қарай жалғасын тапты.