Шымкентте жастардың діни сауаттылығын арттыру бағытында кездесу өтті

0
672

Кездесуде дін саласының мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Шымкентте жастардың діни сауаттылығын арттыру бағытында кездесу өтті

Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет студенттері арасында жастардың діни танымдығын арттыру бағытында сала мамандарымен кездесу өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуде дін саласының мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған кездесудің мақсаты - жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.
Кездесуге Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы қатысып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен қоғамға тигізер залал-зиянын жеткізді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі дінге байланысты түрлі видео, суреттерді өзгелермен бөліспеуге шақырды.

Сондай-ақ, «Есірткісіз болашақ» тақырыбында Түркістан индустриялды-құрылыс колледжі ғимаратында нашақорлықтың алдын бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы iс-қимыл басқармасының жедел аға уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат Шоқанұлы, Шымкент медресе колледжінің оқытушысы Жомарт Дөрбетхан қатысты. Олар есірткінің адам өміріне әкелер зияны мен оны қолданған жағдайда заң аясында қандай жауапкершіліктердің қаралғаны жөнінде сөз қозғады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының психологтарының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастары арасында «Жастар мен жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін диагностикалау» тақырыбында арт-терапиялық семинар-тренинг өтті.

Аталған семинардың мақсаты - жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету арқылы өз бойында сенімділікті қалыптастыру және түрлі психологиялық құбылыстардың алдын-алу. Проблема ретінде жастар арасында кезігетін тұлғалық ерекшеліктер, қарым-қатынас жасау дағдыларының жеткіліксіз болуы, тұйықтық секілді түрлі жағдаяттардың шешімі қаралып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинар-тренинг соңында жастарға тақырып аясында арт-терапиялық ойындар ойнатылып, кері байланыс орнатылды.