Жезөкшелікпен айналысқан 3 азаматша мен женгетай полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Шымкентте жезөкшелікпен айналысқан ұйым анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы Полиция басқармасына 30 қаңтар күні Шұбар су елді мекенінің тұрғыны арызданған. Жергілікті тұрғын өз арызында Еңбекші ауданының аумағында ораласқан сауналардың бірінде жезөкшілікпен айналысатын притондар ұйымдастырлып жатқанын хабарлаған.
Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері айтылған мекенжайды тексеру мақсатында жедел іс-шараны жүргізу барысында Ж.Адырбеков көшесінде орналасқан сауналардың бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырылғанығы анықталды.
Жезөкшелікпен айналысқан үш азаматша және женгетайлықпен айналысқан бір азаматша полицияға жеткізіліп, есепке қойылды. Тексерудің нәтижесі бойынша әрбір азаматшаның іс-әрекетіне құқтық баға берілетін болады.