Шымкентте жүгеріні терең өңдейтін өндіріс орны жұмысын бастады

0
1 974

Шымкент қаласында жүгеріден қант алмастырушы табиғи шәрбат шығаратын цех іске қосылды.


Шымкентте жүгеріні терең өңдейтін өндіріс орны жұмысын бастады

Шымкент қаласында елімізде баламасы жоқ бірегей жоба іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «АлиКа групп» компаниясы жүгеріден алынатын глюкоза-жеміс шәрбатын өндіретін цехін іске қосты. Онда жүгеріні терең өңдеу арқылы қант алмастырушы табиғи шәрбат шығаруды қолға алған. Өнім сиропты кондитерлік өнім өндірісінде, сусын шығаруға қолданылады екен.

Өндіріс цехы күніне 2 тоннаға жуық өнім өндіреді. Сондай-ақ, серіктестік қалдықсыз технологияны да меңгерген. Өндірістен қалған сығындыдан биожем шығарып отыр. Өндіріс орны жүгеріні Отырар ауданынан алады. Серіктестік биыл жер алып, өздері жүгері егуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде жүгері шаруашылығының дамуына да өзіндік септігін тигізеді.

Аталған өндіріс орны алдағы уақытта тек жергілікті өндірушілерге ғана емес, шетелдік компанияларға да өнімін саудалауды көздейді.