Шымкентте жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді

0
1 072

Қаланың 20 ірі құрылыс компаниясы бір алаңға жиналады.


Шымкентте жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді

Шымкент қаласында 18 қараша күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін «Көрме орталығында» жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл - “Отбасы банк” ұйымдастырып отырған 4-ші жәрмеңке.
Қаланың 20 ірі құрылыс компаниясы бір алаңға жиналады. Олар ең тиімді бағаларды ұсынуға дайын.
Жәрмеңкеге алғаш келген 30 адамға Отбасы банктің фирмалық және құрылыс компанияларының түрлі сыйлықтары беріледі.