Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
Шымкенттегі Алаш базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, өрт бүгін сағат 11:27-де болған.
“Оқиға орнына алғашқы келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері базар аумағында жалпы көлемі 24 шаршы метр құрайтын киім сату дүнгіршегінің 12 шаршы метр төбе жаппасы жанғандығын анықтады. Өрт сағат 11:42-те оқшауланып, 11:58-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.