Шымкенттегі дәріханаларға 185 мың медициналық бетперде жеткізілді

0
962

Тиісті органдар бетперде бағасының негізсіз қымбаттамауын қадағалап отыр.


Шымкенттегі дәріханаларға 185 мың медициналық бетперде жеткізілді

Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға 285 мың дана медициналық бетперде таратылды. Аталған бетперделердің артықшылығы көп рет қолдануға жарайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді.

Медициналық бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген. Мұнан бөлек қала аумағындағы дәріханаларға жергілікті жерде өндірілген 185 мың дана бетперде түсті. Тиісті органдар бетперде бағасының негізсіз қымбаттамауын қадағалап отыр.
Бетпердемен қамтамасыз ету үшін жергілікті кәсіпкерлермен бірге күніне 100 мыңнан астам медициналық бетперделер тігіліп, қала аумағындағы дәріханалар мен базарларға жеткізілуде.
Бетперделер шығаратын кәсіпорындар («Гаухар», «Azala Тextile», «АГФ групп» ЖШС-і, «ALATEX» жеңіл өнеркәсіп орындары) қуаттылығын және антисептиктер мен басқа да дизинфекциялықзаттар шығаратын өнімдерінің көлемін арттыру шаралары қабылданды. Бүгінгі таңда бетперделердің бағасы 150-200 теңге көлемінде сатылуда. Бұл баға бетпердеге кететін материалдар мен басқа да шығындарды есептегенде шығатын құны.