Шымкенттегі су басқан ауылда авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
711

Үш күнде 36 үйдің ауласы қалыпқа келтірілді.


Шымкенттегі су басқан ауылда авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласыдағы Елтай ауылында қазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.

Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан ауылда аула-аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда.

Департаменттің күш және құралдары күн сайын 10-12 үйдің ауласын тазартып, 4 жүк автокөлігімен жинақталған лай мен тастарды шығаруда. Нәтижесінде үш күнде 36 үйдің ауласы қалыпқа келтірілді.
Сонымен бірге Елтай ауылында жалпы ұзындығы 30 метр Найзатас, Нұрқазық көшелерін лай мен тастардан тазарып, бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы органдары тарапынан 17 адам мен 7 техника жұмылдырылды.