Дәрігерлер науқасқа жылдам медициналық көмек көрсетіп, жасөспірімді аман сақтап қалды.
Шымкенттік 12 жастар жасөспірім ұл бала декоративті шеге жұтып қойған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Карантин кезінде үйде отырған жасөспірім балалардың ата-анасының қарауынсыз қалып, асқазан-ішек жолдарының, тыныс алу жолдарындағы бөгде заттар мен дененің күйік шалу оқиғалары көбейген.
14.04.2020 ж. кешкі сағат 21:30 шамасында 12 жасар жасөспірім ұл-бала " Тыныс жолының бөгде заты- (декоративті шеге) ( инородное тело бронха) диагнозымен жедел жәрдем бригадасысымен қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болған. Сондықтан, медицина мамандары шұғыл түрде 12 жасар баланы тыныс жетіспеушілігіне байланысты жан-сақтау бөліміне жатқызып, бронхоскопия тәсілімен бронх жолындағы бөгде затты алу манипуляциясы сәтті жүргізген. Бүгінгі таңда ота жасалған науқастың жағдайы жақсы!
Баланың жағдайының жақсаруына байланысты ауруханадан шығарылды. Медицина мамандары, ата- аналарға карантин жағдайында балаларын қараусыз қалдырмауын және ұқыпты болуларын сұрайды.