Шымкенттік қалта ұрысы ұсталды

0
1 536

Құны 8 000 теңге тұратын әмиянын жасырын түрде ұрлап кеткен.


Шымкенттік қалта ұрысы ұсталды

иллюстрациялық фото: wol.jw.org

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының полицейлері әмиян ұрысын ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, 2018 жылдың 7 тамызында Шымкент ҚІІД Әл-Фараби ПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Онда белгісіз тұлға сөмкесінен ішінде жеке куәлігі, 16.000 тг. ақшасы және банкомат карталары болған, құны 8 000 теңге тұратын әмиянын жасырын түрде ұрлап кеткендігі туралы көрсеткен.

Осыған орай, Шымкент ҚІІД Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Аталған жайт СДТБТ-не ҚР ҚК-нің «ұрлық» бабы бойынша тіркелген.

Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.