Шымкенттік студенттер миллионнан астам медициналық бетперде тігіп жатыр

0
1 471

200 студент күніне 60 мың медициналық бетперде өндіреді.


Шымкенттік студенттер миллионнан астам медициналық бетперде тігіп жатыр

Шымкенттегі Жеңіл өнеркесіп және сервис колледжінде 1 млн 200 мың медициналық бетперде тігілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Медициналық бетперделерді колледж студенттері өз қолдарымен, арнайы тігін машинасымен өндіруде.

Бүгіннен бастап іске кіріскен студенттер миллионнан астам бетпердені қала тұрғындарына пайдалануға береді.

Қазір «ЭКО Фарм» ЖШС колледж шәкірттерімен келісімге келіп, 1 млн 200 мың бетпердеге тапсырыс берген. Тапсырысты орындауға 300 шәкірт жұмылдырылған.

–Тігіншілікке жұмылдырылған жастар «тігін саласы» бөлімінің 3 курсы студенттері. Студенттердің жұмыс уақыты білім алудың өндірістік практикасына жататындықтан арнайы келісім шарт аясында күніне түске дейін және түстен кейінгі ауысымда төрт сағат жұмыс істейді,-дейді колледж директоры Гүлмира Тағаева.

Студенттер тігіп жатқан маска 16 қабаттан тұрады. Мамандарының сөзіне сүйенсек, бұл маскалар сараптамадан өткен және бірнеше күн қолдануға жарамды. Ол үшін әр қолданар алдын жуып, үтіктеу қажет.