Тәжік ұлттық киімімен мың бұрала би билеп, шығыс әуендерін әуелеткен концертте Тәжікстан Республикасының мәдениет және өнер жұлдыздары ән шырқады.
Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет және өнер күндері бүгін Шымкент қаласының Түркістан мәдениет сарайында жалғасып тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жексенбілік өнер кешіне Тәжікстан Республикасының мәдениет министрі Зульфия Давлатзодамен бірге арнайы келген бір топ делегация өкілдері қатысты. Мерекелік кеште екі елдің ежелгі достығы мен бауырмалдығы құрметіне Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің ықылас гүл шоғы табыс етілді.
Тәжік ұлттық
киімімен мың бұрала би билеп, шығыс әуендерін әуелеткен концертте Тәжікстан Республикасының мәдениет және өнер жұлдыздары ән шырқады. Тәжіктің ұлттық аспаптары сырнай, дутар, танбур, рубаб пен дойраның сүйемелдеуімен дәстүрлі әндері орындалды. Сондай-ақ, қазақ халқының алтын қорынан «Әгугай» әніне тәжік қыздары би билеп, эстрадалық әнші Бейбіт Қорғанның репертуранындағы «Шоқ қыздар» әнін өнер жұлдыздары жандыра, әрі қосыла орындап, сахна төрін шаттыққа көмкерді.
Осылай өнер қайраткерлері әзірлеген мерекелік салтанатты кеш Шымкент жұртшылығына керемет әсерлі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, Түркістан сарайы фойесінде тәжік халқының шығармашылығы, ұлттық киімдері, тарихи фото туындылары көрмеге қойылды.
Сонымен қатар, қаладағы сауда орталықтары бірінің кино залында Тәжікстан Республикасының “Саразма признание” филімі көрермендерге көрсетілді.
Фильм авторы - Шавкат Мухаммади және Тохир Асрориён.
Режиссеры - Рустам Сатторзода, оператор Шухрат Курбанов.
Фильм көне Саразмның 5500 жылдығына арналған. Саразм – біздің дәуірімізге дейінгі IV-III мыңжылдықтардағы неолит, қола дәуірлерінің егіншілік, қала құрылысы және басқа да қолөнер мәдениеті туралы сыр шертетін үлкен ашық аспан астындағы мұражай.
Ежелгі Саразм – шығармашылықтың, тарих пен өркениеттің, өнер мен сиқырдың, сондай-ақ адамзат тарихының көмескі тұстарының озық үлгілерін бейнелейді. Сондай-ақ Орталық Азия мен Таяу Шығыстың тарихы мен өркениетін ашық көрсетеді.
Сондай-ақ “Шым қала” тарихи - мәдени кешеніне Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясында бауырлас елдің Ауыл шаруашылығы министрі Хакимзода Курбон бастаған делегация келді.
Қонақтарға қала әкімі Мұрат Әйтенов жылы лебізін білдіріп, меймандостық танытты. Ежелгі Жібек жолы бойында орналасқан Шымшаһардың мәдениеті мен тарихына қаныққан тәжік елінен келген бауырлар ризалық пейілдерін білдірді.
Делегация құрамында Носирзода Жабор - Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Сафарда Бахтиёр - Индустрия жане жаңа технологиялар министрінің орынбасары, Холмация Рустам - Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Туризмді дамыту комитетінің орынбасары бар.
Сонымен қатар делегация “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінде өңірлік қолөнершілер, шеберлер туындыларын да тамашалап, ескі қалашық тарихымен танысты.
Кездесу сәтінен естелік ретінде елімізге белгілі қолөнер шебері Бейсбеков Болат мырзаның қолынан шыққан туындылар табысталды.