​VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА: ШЫМКЕНТТІК ТАЕКВОНДОШЫЛАР ЖАРҚЫН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

0
659

Таэквондошылар үшінші мегаполис намысын қорғап, биік тұғырдан көрінді.


​VI ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА: ШЫМКЕНТТІК ТАЕКВОНДОШЫЛАР ЖАРҚЫН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ERNUR.KZ. Астанада таеквондодан республикалық VI жазғы Спартакиада өз мәресіне жетті. Үш күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 179 спортшы бәсекеге түсті. Жарысқа 113 ер, 76 бұрымды қатысты.

Бәсекеде еліміздің спортшылары 16 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жарыстың финалдық жекпе-жектерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Республикалық сайыста жергілікті таэквондошылар үшінші мегаполис намысын қорғап, биік тұғырдан көрінді.
Ерлер арасында:
Абдурахман Марипов — 74 келі, 1-орын;
Абабакиров Самирхон — 63 келі, 1-орын;
Қожахмет Нұрқанат — 80 келі, 2-орын;
Бегзод Кадиркулов — 54 келі, 3-орын;
Жавохирхон Исламов — 58 келі, 3-орын;
Дүйсебай Смайыл — +87 келі, 3-орын.
Әйелдер арасында:
Феруза Ергешова — 73 келі, 2-орын;
Ясмина Нарбаева — 62 келі, 3-орын.
Жазғы спартакиада төрт жыл сайын жалауын түреді. Биылғы спартакиадада Шымкент спортшылары 72 алтын, 63 күміс, 56 қола медальмен жалпы есепте екінші орыннан көрінді. Жалпы жарыс 27 спорт түрінен өткізілді.