ERNUR.KZ. Айбек Оралбай Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады kaz.zakon.kz.
92 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Айбек екінші жекпе-жегінде Оңтүстік Корея өкілі Юнг Ха Ныльдан басым түсті.
Ол қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберген.
Осылайша, Айбек Оралбай үшінші кезеңге өтті.
Айта кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан үш боксшымыз - Жайна Шекербекова, Римма Волосенко және Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіліп қалған болатын. Ал Асланбек Шымбергенов келесі кезеңге жолдама алды.