Айдос Ербосынұлы ауыр нокауттан кейін елге оралды

0
560

Нәтижесінде ауыр жарақат алған жерлесіміз АҚШ ауруханасында бір айға жуық ем қабылдады.


Айдос Ербосынұлы ауыр нокауттан кейін елге оралды

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы Қазақстанға оралды, деп жазады vesti.kz.

Қараша айының алғашқы аптасында Ербосынұлы кубалық Давид Моррелмен WBA World белбеуіне таласып, 12 раундта нокаутқа түсіп карьерасында алғаш рет жеңіліс тапқан еді.

Нәтижесінде ауыр жарақат алған жерлесіміз АҚШ ауруханасында бір айға жуық ем қабылдады. Тіпті алғашқы күндері жасанды комада болды.