Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.
ERNUR.KZ. Жапония астанасы Токиода парадзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінде Ақмарал Науатбек чемпион атанды, деп жазады inform.kz.
Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.
Ол финалда Токио паралимпиадасының жеңімпазы, әзербайжандық Шахона Хаджиеваны таза ұтты.
Сондай-ақ Қазақстан қоржынына екі күміс, бір қола медаль түсті.
Даяна Федосова J2 санаты бойынша 57 келіге дейінгі салмақта финалда өзбекстандық Кусомхон Ходжаеваға есе жіберді.
Олжас Оразалыұлы 73 келіге дейінгі салмақта J2 санаты бойынша соңғы бәсекеде жапониялық Сето Хирокиге жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Тағы бір қазақстандық Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта отандасы Асылан Нұрдәулетовтен айласын асырды.