"Ақымақтар командасы деп еді": Франция құрамасының бас бапкері Қазақстанды мақтады

0
1 836

Украина мен Қазақстан матчы 1:1 есебімен аяқталған еді.


ERNUR.KZ. Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Украина мен Қазақстан матчы туралы пікірін айты, деп жазады Тengrinews.kz.

Киевте өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған еді.

"Қараңыздаршы, журналистер Қазақстанды ақымақтар командасы деген. Ал олар Украинамен тең түсті. Соншалықты ақымақ емес, солай ғой?", - деп келтірді Дешамның сөздерін Get French Football News.


Еске салайық, 28 наурызда Франция құрамасы сырт алаңда Қазақстанды 2:0 есебімен жеңген, ал кеше Босния және Герцеговинадан басым түсті. Оның алдында Дешам шәкірттері Украинамен тең тарқасқан.

Франция жеті ұпай еншілеп, D тобында көш бастап тұр. Украина үш ұпаймен екінші орында. Финляндия үшінші, Босния төртінші сатыда келеді. Қазақстан бесінші орында тұр.