Әлемдегі ең кәрі боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

0
418

Осымен ол карьерасын аяқтады.


Әлемдегі ең кәрі боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

ERNUR.KZ. Әлемдегі ең кәрі боксшы ретінде мойындалған британиялық Стив Уорд (15-40-3, 1 КО) 65 жасқа толардан бірнеше күн бұрын карьерасын аяқтады, деп жазады kaz.vesti.kz.

6 тамызда ол ауыр салмақта румыниялық Адриан Парлогеамен (11-48, 1 КО) жұдырықтасып, зейнеткерер арасындағы World Legends Championship титулын жеңіп алды.

Айта кетейік, Уордтың 2015 жылдан бергі жекпе-жектері ресми түрде есепке алынбай келеді. Атлетикалық комиссиялар боксшы жарақат алып қалса жауапты болғысы келмейді.

Ал осы жекпе-жекте Уорд қарсыласын бірінші раундта үш рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңді.

2019 жылы Альберт Хьюз (11-7-4, 6 КО) атты америкалық 27 жыл үзілістен кейін 70 жасында рингке қайта шыққан болатын. Алайда оның қарсыласы да біртүрлі және жұдырықтасуы да тым осал болды, осыған орай бұл қолдан жасалған айқас екені білініп, рекорд та есепке алынбады.