Бауыржан Исламхан 2 жылға футболдан шеттетілді

0
1 802

Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитетінің шешімі шықты.


Бауыржан Исламхан 2 жылға футболдан шеттетілді

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитеті тарапынан өзіне қатысты қандай жаза шыққанын білді, деп жазады Тengrinews.kz.

Отандасымыз Тәртіпті бақылау комитетінің шешімі бойынша, екі жылға футболдан шеттетілді.

Айта кетейік, Исламхан 16 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасында "Әл-Садд" командасына қарсы кездесуден кейін допинг-сынама тапсырған. Сол сынамадан оның қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылған болатын.