Бауыржан 2020 жылы қыркүйекте "Әл-Айн" клубында ойнап жүріп, допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттелген болатын.
ERNUR.KZ. Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан карьерасын болгариялық "Левски" клубына жалғастыруы мүмкін, деп жазады vesti.kz.
Ал ҚПЛ-де жартылай қорғаушыға "Ақтөбеден" бөлек "Каспий" де қызығушылық танытып отыр.
"Бізде бар аұпарат бойынша, Исламхан болгариялық командаға қосылуы мүмкін. Бауыржан қалай ойнайтыны "Левски" бапкері Станимир Стойловқа жақсы белгілі", - деп жазыпты паблик.
Еске салайық, Бауыржан 2020 жылы қыркүйекте "Әл-Айн" клубында ойнап жүріп, допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттелген болатын.