7,5 шақырымға созылған эстафетада Норвегия топ жарса, Германия күміс, Италия қола медальді қанағат тұтты.
ERNUR.KZ. Биатлоннан Германияның Рупольдинг аймағында өткен әлем кубогы кезеңінде ерлер арасындағы эстафета аяқталды, деп жазады inform.kz.
Қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев және Никита Акимов 23 команданың ішінен 13-орынға табан тіреді.
7,5 шақырымға созылған эстафетада Норвегия топ жарса, Германия күміс, Италия қола медальді қанағат тұтты. Қазақстанның ерлер құрамасы норвегиялықтардан +3:44.7 минутқа қалып қойды.
Айта кетелік, әлем кубогы кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қазақстан 12-орында келеді.