Дағыстандық спортшының UFC-дегі алғашқы айқасы даумен аяқталды

0
684

Жекпе-жек UFC Vegas 51 турнирінде өтті.


Дағыстандық спортшының UFC-дегі алғашқы айқасы даумен аяқталды

ERNUR.KZ. Ресейлік файтер Гаджи Омаргаджиев UFC-дегі алғашқы айқасында бразилиялық Кайо Борральодан жеңілді, деп жазады vesti.kz.

Жекпе-жек UFC Vegas 51 турнирінде өтті. Борральо тыйым салынған соққы жасағанымен жеңіске жетті.

Үшінші раунд соңында бразилиялық қарсыласының қолы канвасқа тиіп тұрғанын қарамастан тіземен соққы жасады. Төреші фол есептеп, бразилиялықтан бір ұпайы шегерді.

Ал ресейлік жекпе-жекті жалғастыра алмай қалғанда, кездесу тоқтатылып, төреші Борральоның соққысын "абайсызда болған фол" деп тіркеді. Осылайша, бразилиялық төрешілердің техникалық шешімімен жеңді - 29:27.

Айта кетейік, бұл екі спортшының UFC-дегі дебюті болды. Омаргаджиев карьерасында бірінші рет жеңілді. Осыған дейін ол ММА-де 11 айқастың бәрінде жеңіске жетті. Борральо 11 кездесуде жеңіп, біреуінде жеңілген.