Рикардо Кака бастаған жаттықтырушылар штабы 2022 жылғы Еуропа Чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады.
ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда алдағы турнирге дайындықты бастады, деп жазады olympic.kz.
Рикардо Кака бастаған жаттықтырушылар штабы 2022 жылғы Еуропа Чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиынынан соң нақты тізімге 14 ойыншы енеді.
Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Словения, Финляндия және Италиямен сынға түседі.
Футзалдан Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де - «Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»);
Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы - «Қайрат»), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Лео («Норильский никель», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Азат Валиуллин («Аят»), Жомарт Тоқаев, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де - «Атырау»);