Голдар екінші таймда соғылды.
ERNUR.KZ. Италия құрамасы Еуро-2020 турнирінің шымылдық ашар матчында Түркияны ірі есеппен жеңді, деп жазады Vesti.kz.
Бұл ойын Римдегі "Стадио Олимпико" стадионында өтіп, 3:0 есебімен Италия құрамасының пайдасына аяқталды.
Кездесудегі есеп екінші таймда ашылды. 53 минутта "Ювентустің" қорғаушысы Мерих Демирель өз қақпасына гол соғып алды. Бұл осы турнирдің ең алғашқы матчында соғылған бірінші автогол ретінде тіркелді.
Ал 66 минутта Чиро Иммобиле есепті еселесе, 79 минутта Лоренцо Инсинье ойынға нүкте қойды.
Осылайша, Италия құрамасы А тобында көш бастады. Бұл топта аталған екі командадан бөлек, Швейцария мен Уэльс құрамалары бар.