«Қайрат» ФК бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

0
419

Александр Кержаков мамырдың соңында «Қайраттың» бас бапкері болып тағайындалған еді.


«Қайрат» ФК бас жаттықтырушысы қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті, деп жазады baq.kz.

Клубтың хабарлауынша, ресейлік маманмен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылған. Кержаковпен бірге оның көмекшілері Владимир Казаков пен Руслан Аджинджал да клубтан кетеді. Александр Кержаков мамырдың соңында «Қайраттың» бас бапкері болып тағайындалған еді.

Оның бапкерлігімен клуб 12 матч өткізіп, 6 рет жеңіс, 3 рет тең түсіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберген болатын.