Қанат Ислам бапкерімен қоштасты

0
915

Бұл туралы маманның өзі мәлімдеді.


Қанат Ислам бапкерімен қоштасты

ERNUR.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) бапкері Багаудин Бековпен қош айтысты, деп жазады Vesti.kz.

"Өкінішке қарай, Қанатпен қызметімді тоқтатуыма тура келді. Уақытымның тығыздығы онымен жаттығуға көп уақыт бөлуге мүмкіндік бермейді. Спорттық дайындық теориясы мен әдістемесі туралы дәріс оқу, сонымен бірге, фитнес-директор, қоғамдық бірлестік президенті болу және аты шыққан боксшыны жаттықтыруды қатар алып жүру мүмкін болмай кетті. Ең көп уақыт соңғысына кетеді. Осы себепті командасынан кетуіме тура келді", - дейді Беков.

Айта кетейік, Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке жаттықтырған - доминикандық Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО) маусымда және намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) қазанда.