Қазақстан тумасы әлемдік деңгейдегі 50 дарынды футболшының қатарына енді

0
2 293

Равиль Тагир Тараз қаласында дүниеге келген.


Қазақстан тумасы әлемдік деңгейдегі 50 дарынды футболшының қатарына енді

ERNUR.KZ. УЕФА осы жылдың жаңалығына айналуы мүмкін 50 жас футболшының тізімін жариялады. Олардың арасында түріктің "Стамбул Башакшехир" командасында өнер көрсететін 17 жастағы Қазақстан тумасы Равиль Тагирде бар, деп жазады nur.kz.


"Сол аяқпен ойнайтын орталық қорғаушы 2020 жылдың қыркүйек айында "Алтынордудан" "Башакшехирге" ауысқан. Біртіндеп негізі құрамға өтеуде, қазірдің өзінде жастар құрмасында өнер көрсетеді", - деп жазады сайт.


Айта кетейік, Равиль Тагир Тараз қаласында дүниеге келген. Бала күнінде отбасымен Түркияға қоныс аударған. "Алтынорду" футбол клубының шәкірті болып табылады.

Равильдің жаңа клубтағы алғашқы ойыны өткен жылдың қараша айында "Денизлиспорға" қарсы өткен еді. Ол кезде жас футболшы матчтың аяқтаулына 5 минут қалғанда алаңға шыққан.