Ресейлік маман Магомед Адиев жаттықтыратын қазақстандықтар қараша айында екі жолдастық кездесу өткізіп, Ташкентте Өзбекстанға (0:2), Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктеріне (1:2) есе жіберген болатын.
ERNUR.KZ. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық құрамалардың рейтингісін жария етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Бразилия құрамасы көш басындағы орнын сақтап қалса, Қатарда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Аргентина екінші, күміс жүлдегер Франция үшінші орынға көтерілді.
Осыған дейін екінші орында болған Бельгия төртінші сатыға сырғыды.
Қазақстан ұлттық құрамасы 113-тен 115-ке төмендеді.
Ресейлік маман Магомед Адиев жаттықтыратын қазақстандықтар қараша айында екі жолдастық кездесу өткізіп, Ташкентте Өзбекстанға (0:2), Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктеріне (1:2) есе жіберген болатын.
ФИФА-ның 2022 жылғы 22 желтоқсандағы рейтингісі мынадай:
1 (1). Бразилия — 1840 ұпай
2 (3). Аргентина — 1838
3 (4). Франция — 1823
4 (2). Бельгия — 1781
5 (5). Англия — 1774
6 (8). Нидерланды — 1740
7 (12). Хорватия — 1727
8 (6). Италия — 1723
9 (9). Португалия — 1702
10 (7). Испания — 1692
26 (27). Украина — 1536
37 (33). Ресей — 1491
77 (77). Өзбекстан — 1312
78 (78). Грузия — 1305
94 (95). Қырғызстан — 1232
95 (94). Армения — 1231
97 (97). Беларусь — 1221
108 (108). Тәжікстан — 1187
109 (109). Эстония — 1186
115 (113). Қазақстан — 1163
121 (123). Әзербайжан — 1151
133 (134). Латвия — 1116
135 (135). Түркменстан — 1100
144 (144). Литва — 1069
174 (174). Молдова — 958.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің әлем чемпионатында қақпаға ең көп соққы жасаған ойыншы атанғанын жазған болатынбыз.